Алтын құрсақ аналарға көмек! Қазақстанда көпбалалы отбасы мәртебесі өмір бойы бекітілуі мүмкін

Описание к видео Алтын құрсақ аналарға көмек! Қазақстанда көпбалалы отбасы мәртебесі өмір бойы бекітілуі мүмкін

Қазақстанда көпбалалы отбасы мәртебесі өмір бойы бекітілуі мүмкін. Яғни, мұндай статусқа ие отбасылардың тұңғыш баласы 18-ге толса да жәрдемақыдан қағылмауы тиіс. Сондай-ақ, төрт не одан да көп бала тәрбиелеп отырған аналардың зейнет жасы 53-ке төмендетілу керек. Мұндай ұсынысты бүгін мәжілістің пленарлық отырысында депутат ГауҺар Тамашева айтты.
Депутаттың сөзінше, бұл өзгеріс жүзеге асатын болса халық саны едәуір артып, демографияға оң ықпал етеді. Мәселен, қазір елде 530 мыңнан аса кәмелетке толмаған бала болса, соның басым бөлігін көпбалалы отбасынан шыққандар құрайды дейді. Сондықтан, депутат алтын құрсақ аналарға қолдауды жетілдіру керек деп санайды. Әуелі қолданыстағы заңнамаларға өзгеріс енгізіп, көпбалалы жанұялар мәртебесін өмір бойы қалдыру керек деп отыр.
ГАУҺАР ТАМАШЕВА, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
– Бірқатар мәселерді шешу үшін Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы" заңында көпбалалы отбасы мәртебесін өмір бойы бекіткен жөн болар еді. Төрт және одан да көп баласы бар ата-аналарға балаларының жасынан қарамастан берілетін жәрдемақыны кіші баласы кәмелетке толғанға дейін беруді ұсынамыз. Қазір көпбалалы отбасының үлкен баласы 18-ге толған кезде 4 баланың ішінде ол көп балалы деген мәртебеден айырылады. Екінші ұсынысымыз, көп бала өсіріп отырған анаға зейнет жасын 53 жасқа төмендету керек.











Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
Біздің сайт: www.31.kz и www.informburo.kz
Біздің WhatsApp +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Комментарии

Информация по комментариям в разработке