Musicola - Сен мұңынды бер маған | Toptama (Сөзі, текст, lyrics)

Описание к видео Musicola - Сен мұңынды бер маған | Toptama (Сөзі, текст, lyrics)

Musicola - Сен мұңынды бер маған / Мюзикола - Сен мунинди бер маган

Арнаға жазыламыз http://bit.ly/395XjWx

#toptama #топтама #мұңынды_бер_маған

Photo by a Erick Chéveza on Unsplash.

Жұлдыздарды жолдарыңа жайдың көк,
Мұңы аз ба? Қайғысы мол, айдың көп.
Сен өнердiң адамысың, ақынсың,
Содан болар, қуаныштан қайғың көп.

Тұлпарлардай зулап өмiр ағады,
Түн мұңайып, жұлдыз жанар жанады,
Бұл өмiрде ғашық, іңкәр болдым мен,
Сол бiр ақынның жүрегiне жаралы.

Қайырмасы:
Жүрегiңнiң мұң-жарасын бер маған,
Жанарыңның мұң-наласын бер маған,
Бал күндердi мен сыйлайын ансаған,
Бақытымды айырбастап кайғыңа,
Махаббатты мәнгі арнайын мен саған.

Күн шуағың, төгiп шашқан - ашық көк,
Мен өзiңдi ұнатамын асық боп,
Сенiң мұңды жырларыңа қосылып,
Домбырамды жырлатайын ғашық боп.

Жанарыңның тұңғиығы тереңде,
Домбыраңмен әсем сазды бер елге.
Айырбастап алсам сенiң мұңыңды,
Бақытты жан болмас деймiн менен де.

Қайырмасы:
Жүрегiңнiң мұң-жарасын бер маған,
Жанарыңның мұң-наласын бер маған,
Бал күндердi мен сыйлайын ансаған,
Бақытымды айырбастап кайғыңа,
Махаббатты әнге арнайын мен саған.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке