Туркистан Арыстан баб Кожа Ахмет Яссауи!!!

Описание к видео Туркистан Арыстан баб Кожа Ахмет Яссауи!!!

https://www.donationalerts.com/r/msaj...

Донаты: https://boosty.to/mksaja1970

Мой канал - Дзене https://dzen.ru/id/5cfd5ef2e24ab100bc...

Мой телеграмм канал: https://t.me/joinchat/SN-625MXJTNbvQLu

Донаты: Альфа банк: 2200 1523 9421 3220

Донаты: Сбер банк: 4276 1100 1128 2940

Түркі халықтарының орта ғасыр кезінде бір жола араб жазуына көшуі, өмірге көптеген ғылыми дүішелерді алып келді. Сонымен қатар бұл кез шығыс әлемінде сопылық ағымнын әсері күшейіп, бірте-бірте канатын кең жая түскен кез еді. Бұл кезең Орта Азия мұсылмандары үшін де аса жауапты уақыт болатын.

Осы шақта елдің бірлігін, халыктың татулығын, адамгершілік пен имандылықты, Алла тағала адалдықты көксеген, соны ту етіп, өз шығармаларына арқау еткен. Ақын-шайырлар тобы тарих сахнасына шықты. Олардың ішінде ерекше талантымен көзге түскендер хорезмдік Ахмет Үтінеки, Ахмег Яссауи, Сүлеймен Бақырғани (Отырар өлкесінен) тағы да басқа көптеген сопылық өкілдер болды.

Бұлардың арасында асқан шеберлігімен, елге сыйлылығымен, кайырымдылық пен мейірімділікті өміріне арқау етіп, бүкіл түркі жұртын татулыкка, тазалыққа үндеген, қасиетті әулиесі атанған Қожа Ахмет Хазреті Сұлтан Яссауи еді. Ахмет Яссауи жөнінде ел арасында көптеген аңыз әңгімелер тараған. Егерде, 0 тарихи деректерге жүгінсек, ақын ежелгі қала Исфиджабта (Сайрам) Ибраһим бин Махмуд деген диханның әулетінде дүниеге келген.

Әйтсе де, Ахметтің әкесі діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайкылардың бірі болған секілді. Бұлай дейтін себебіміз, ақынның 149-хикметінде оның шыққан тегі туралы төмендегі сыр шертеді:
... Ысқақ баба жұрыны, шейх Ибраһим Құлыны,
Машайықтар ұлығы — шейхым Ахмет Яссауи.
---------------------------------
Ясы оның арасы, жатыр гауһар парасы,
Машайыктар сарасы — шейхым Ахмед Яссауи.
Демек, Ахметтің тегін Бибіфатимадан тарататын халық аңызы шындык, олай болса, Әзірет сұлтанның он бірінші атасы Ысқақ баб әулие болмақ.

Түрік ғалымы, доктор М. Көпрулу өзінің "Турк әдебиятыңда илк Мутасаввифлар" атты кітабыңда Ахметтің әкесі Сайрамдағы Хазрет Әлидің әулеті Ибраһим атты шейх екенін айтады. Осы пікірге орыс зерттеушісі М. Е. Массон да ден қойғанмен, ол Қожа Ахметті түрік нәсілінен еді дейді.

Сопылық "мистикалық" ағымның түркі тілдес тармағының негізін қалаушы Қожа Ахмет Яссауидың өмірбаяны жан-жақты. толық бізге белгілі емес. Өмірінің кейбір деректері ғана жетіп отыр. Ол әлі ғылыми зерттеулерді, ізденістерді қажет етеді. Ұлы бабамыздың туған күні мен жылы белгісіз.

Бірақ Әбсаттар Дербісалы қажының жазған деректеріне сүйенсек Қожа Ахмет Яссауи 1093 немесе 1094 жылы туған делінеді. Өлген жылы— 1166. Ер жеткен соң Түркістан (ол кезде Ясы деп аталған) шаһарына келіп тұрады. Белгілі ғалым В. Бартольдтің айтуыңда Түркістан VI ғасырдан XV гасырга дёйін Ясы деген атпен белгілі.

Ал, шығыстанушы ғалым Ә. Дербісәлі, қаланың әуелде Шауғар деп аталғанын, кейінірек Ясы болып кеткенін айтады. Ахмет Яссауидің ержете келе Түркістанға келуі дінге байланысты болса керек. Ақын өз өлеңдерінде Түркістанға келгені жайында былайша баяңдайды:

Комментарии

Информация по комментариям в разработке