Депутаттар «атаулы әлеуметтік көмек» ұғымын жоюды ұсынып отыр

Описание к видео Депутаттар «атаулы әлеуметтік көмек» ұғымын жоюды ұсынып отыр

Депутаттар соңғы жылдары шенеуніктердің бас ауруына айналған атаулы әлеуметтік көмек ұғымын жоюды ұсынып отыр. Пікірлерінше, атаулы әлеуметтік көмек көпбалалы, аз қамтылған отбасыны қолдаудан гөрі, қорлауға көбірек ұқсайды. Өйткені онсыз да тиыннан теңге құрастыра алмай қиналған әйелдер енді қажетті қағаздарын жинақтап, реттеу үшін әуре-сарсаңға түседі. Әрі депутаттар «әділін айтқанда атаулы көмекті жәрдем деуге келмейді» деп ағынан жарылды.
Сонымен, Қазақстан халық партиясының өкілдері басы даудан бір арылмаған атаулы әлеуметтік көмектің орнына бірыңғай төлем ұғымын енгізуді ұсынып отыр. Яғни, тек сонда ғана мемлекеттен көмек алу үдерісі жеңілдейді екен. Мәселен, қазір көмекке зәру аналар жәрдем алуға үміткер болу үшін жүздеген сынақтан өтуге тиіс. Демек ол атаулы әлеуметтік көмекке шын мұқтаж екенін дәлелдеймін деп жүріп-ақ шаршайды. Ал тиімдісі мемлекеттік көмектің бұл түрін алып тастау болып отыр деді депутаттар. Есесіне, балаларға төленетін жәрдемақы мөлшерін арттыруға болады. Айталық, әр балаға жұмсалатын қаржының көлемі нақтыланып, бірыңғай жәрдемақы тағайындалады. Бұл сома бала басына 70 мың теңге көлемінде бекітілуге тиіс. Сонда жәрдемақы 4 бала үшін 280 мың теңге, 2 бала үшін 140 мың теңгені құрамақ.
ГАУҺАР ТАНАШЕВА, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Қазіргі уақытта 4 бала 55 340 теңге жәрдемақы алады. Әр балаға айына 13 826 теңге бөлінеді. Бұл - әлеуметтік қолдаудың ақылға қонымсыз мөлшері. Мұнда инфляцияның тұрақты өсуі, экономикалық тұрақсыз жағдай, тұрғын үйдің жоқтығы және халықтың осы санатындағы адамдардың тұрақты жұмыспен қамтылмағаны ескерілмеген.








Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -   / @informburo31kanal  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31
#News #Kazakhstan #Жаңалықтар #Біздіңжаңалықтар #Нашиновости #Сегодня #Қазақстан #31канал

Комментарии

Информация по комментариям в разработке