СҰЛТАН САЛАХАДДИН ТУРАЛЫ 17 ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТ!

Описание к видео СҰЛТАН САЛАХАДДИН ТУРАЛЫ 17 ҚЫЗЫҚТЫ ФАКТ!

Салахадин Юсуф ибн Айюб 1137 жылы Ирактың Тикрит қаласында дүниеге келген. Оның әкесі Селүқтар көсемі Зангидің әскери қолбасшысы болған. Салахаддин жеті жасқа толғанда, ол отбасымен Ливанға көшіп кетеді, кейін әкесі сол жердің бір қамалдың басшысы болады. Салахаддин өсе келе ислам заңдары, математика және философия сияқты түрлі ілімдерді оқып үйренген. Ол сондай-ақ әскери өнерді, соның ішінде садақ пен жебені қалай пайдалану керектігін, семсермен қалай күресу керектігін және шайқасқа атпен шабудың түрлі әдістерін үйренді.
Салахадин мықты жауынгер болған, оны халықы «Ұлы қорғаушы, ең әділетті» деп мадақтаған. Оның есімінің соңғы бөлігі, Салах-ад-Дин, Еуропалықтар «Саладин» деп қысқартып атайды.
Салахадин ең алғаш әскери мансабын 14 жасында ағасы Ширкухқа жұмысқа кеткен кезде бастаған. Ширкух мұсылмандар көсемі Нур ад-Дин армиясының жоғары дәрежелі қолбасшысы болған. Салахадин өз уақытын Ширкухқа көмектесуге және шайқас пен саясат туралы білім алуға жұмсады.
1169 жылы Ширкух пен Салахадин Еуропадан келген крестшілермен күресу үшін өз әскерлерін Мысырға апарды. Олар сол жерде кресшілерді жеңіген болатын. Ол кезде Египетті басқарған исламдық Фатимидтер династиясы болатын. Ширкух пен Салахадин Египетте қалды. Олар Фатимидтерге көмектесеміз деп мәлімдеді, бірақ олар шынтуайтында Мысырды өз бақылауына алуды көздеді. Ширкух қайтыс болғаннан кейін Салахадин әскерді толық өз бақылауға алды, көп ұзамай Салахаддинді Фатимидтер әмірі Нур ад дин Египеттің басшысы қылып тағайындады.
1174 жылы Нур ад-Дин қайтыс болды, бұл Таяу Шығыстағы билікке деген талас тудырды. әртүрлі ислам топтары билік үшін күресті бастады. Салахадин өзінің әскерін Дамаскке апарып, Нур ад-Диннің позициясын талап етті. Ол 12 жыл бойы аймақты біріктіру үшін басқа исламдық топтармен күрес жүргізді. 1186 жылға қарай Салахадин бүлік шығарған барлық ислам топтарын тізе бүктірді және мемлекетті толықтай өз бақылауына алды. Кейін ол өзінің саяси іс қимылын Иерусалимді билеп тұрған крестшілерге бұрды .
Еуропадан келген крестшілер Иерусалимді христиандардың қолында ұстап тұру үшін әр түрлі мұслман елдерімен күрескен. Салахадин осы крестшілерді Таяу Шығыстан қуып шығып, Иерусалимді өз бақылауына алуды мақсат қылды.
Салахадин оларға соғыс ашып, крестшілер армиясына тұзақ құруға кірісті. Олар ең алдымен крестшілер әскері басқарған Тиберия қамалының жері қатал әрі құрғақ жер екенін біліп, Тиберия қаласына шабуыл жасады. Крестшілер әскері ол күткендей әрекет етіп, Тиберияға қарай жорық бастады. Крестшілер әскері Тиберияға жете алмай шаршап, шөлдеген кезде Салахадин бүкіл күшімен крестшілер армиясына шабуыл жасады. Салахадин мен оның әскері сол шайқасында крестшілерді жермен жексен етті. Бұл оған Иерусалимді жаулап алуына жол ашты.
1187 жылы Салахаддин крестшілер армиясын жеңгеннен кейін Иерусалимге аттанды. Оның әскері қаланы қоршап, қабырғаға жебелер мен катапульт тастарын атып бастады. Соғыс бір аптаға созылып, ақырында қала өз еркімен берілді, Салахаддин жеңіске жеткеннен кейін, Келесі бір жыл ішінде Салахадин кресшілер аймағының көп бөлігін басып алды.
Еуропадағы христиандар крестшілердің жеңіліске ұшырағанын және Иерусалимнен айырылғанын естіп, олар король Ричард Арыстанның басшылығымен үшінші крест жорығына аттанды. Әскери мансабында бірінші рет Салахадин Акред және Арсуфта шайқасында ірі жеңілістерге ұшырады.
Үлкен жеңіске жеткен крестшілер көп ұзамай Иерусалим түбінде соғысып үлкен шығынға ұшырап, Иерусалимді ала алмайтындықтарын түсініп. Салахадинмен бітімгершілікке келісті. 1192 жылы олар Иерусалимді мұсылмандарға қалдырып, бірақ жергілікті христиандардың қауіпсіз өмір сүруіне мүмкіндік беретін Джафа келісіміне қол қойды.
Салахадин 1193 жылы 4 наурызда келісімге қол қойғаннан соң, бірнеше айдан кейін ауруы асқынып қайтыс болды.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке